МЫҢ САУАП
Бір үйдің үш ағайынды балдары, аналарының сөздерін тыңдамай көп ұрысып қала береді екен. Бірде, қара шаңырақта қалған кенже інілері, бөлек кеткен ағаларының, әкелерінен қалған бар мүлікті сатып, соңында үйге көздері түскеніне қатты ызаланып, ұрысып қалып соңында, енді қайтып араласпайтындай болып тарқасады.
Үнемі ұрысып қалғанда, анасы қоймай, қолындағы кіші баласын ағалаларына кешірім сұратып жіберетін. Осы жолы да, ініміз келіп қалар деп күткен ағалары, бір-бірлерімен хабарласып отырып, үшінші күні ашуланып, көкіректеніп алып-ұшып, інілерін жеп қоярдай кейіппен қара шаңыраққа барса, есік алдында інілері ағаларын, келіншегіне арнайы дастархан жасатып күтіп отырғанын айтып, қуана қарсы алып, үйге кіргізеді де, дастархан басында,- Сіздерді, бүгін таңертеңнен бері күтіп отырмын. Себеді, әкем бұрын, ер кезегі үшке дейін. Үш күннің ішінде тобаларыңа келіңдер деген қағидасын ұстанып, анамның айтуымен алдарыңызға баратын едім. Бүгін, АЛЛАҒА бас иіп, сол үшінші күні өздеріңізді күттім. Шариғатта, кім бірінші кешірім сұраса, сол жанға МЫҢ сауап жазылады деген. Сіздердің жастарыңыз , біріңіз елуден астыңыз, біріңіз елуге жақындадыңыз, Тым болмаса, осы жастарыңызда, қателіктеріңізді түсініп, анамыздан кешірім сұрап, сауап алып үлгерсін деген мақсатпен, алдарыңызға бармап едім.
Мен, әлі жаспын ғой, сауап жинап үлгеремін,-деп ағаларын ұялта отырып, жүректеріне үлкен мейірімділік салып берген екен….