Ұзатылған қыздың артынан іздеп бармайды екен….
Ұлтымыздың ертедегі дәстүрінде алыс жерге ұзатылған қыздың бүкіл жөн-жоралғылары жасалып, яки құдалар бірін-бірі шақырып, тағы да басқа салт-дәстүр түрлері орындалып біткен соң — жыл қыздың артынан іздеп бармайды екен.
Қыздарын сағынбағандықтан емес, оның сол жерге бейімделіп, үйреніп, әбден сіңіп кеткенін қалаған.
«Бір қолдап тамақ ішкеніңде көрісерміз», – деген екен, яғни балалы бол, оған дейін бізді күтпе деген ескертуі болған көрінеді.
Сөйтіп, қазақ қыздары сол әулеттің намысын, атақ-абыройын арттыратын, өзінің ата-анасына кір келтірмей, тәрбиесін келген жеріне көрсетіп үлгерген кезін күтеді екен.
Балалы болып сүйінші хабар келсе ғана барған. Осылай туысқандықтың тамыры тереңге кеткен кезде іздегенді мәртебе, жөн санаған.
Тәйтің-түйтің, берекесіз іздеудің құнсыздығын білген, жөнімен байқаған дейді.
Несіп Қалымбетова