МАХАББАТ БҰЛ, ТАУСЫЛМАЙТЫН ӘҢГІМЕ …

1. Сені жақсы көретін адам — сенің өсуіңе кедергі болмайды, өзінің көзқарасын тықпаламайды
2. Сүйіспеншілік деген ақылмен ойнауды білдірмейді. Жақсы көретін адам, сені кез-келген нәрсеге кінәлап, немесе басқарып отыруды қаламайды. Онымен келіспесең де ешқашан дау-дамай жасамайды.
3. Жақсы көру, сүю дегеніміз ұрысу немесе жарысу емес. Жақсы көретін адам, өз қамы үшін, ешқашан сені аттап өтпейді, ешқашан сені құлатпайды, өз жеңісі үшін бәсекелеспейді
4. Махаббатта өзімшілдік деген ұғым жоғалады. Сүйікті адам беруге және алуға, саған қамқорлық жасауға, бірге қайғыруға, бәрін бөлісуге қабілетті. Ол қолын созып, иығын төсеп алып шыққысы келеді, және онымен бірге болғанда тыныштық пен жылулықты табасың. Ол сенің уақытың мен қуатыңды жақсы көреді.
5. Сүйіспеншілік бұл- бақылау қою деген сөз емес. Отбасылық зорлық-зомбылықтың ең басы — әр адымыңды бақылаудан басталады. Сүйікті адам мұндайды жасамайды.
6. Сүю — бұл құрметтеу. Жақсы көретін адам сені басқалардың алдында ешқашан қорламайды. Ол сені ешқашан ұятқа қалдырмайды. Ол сенің шекараңды бұзбайды және сенің уақытыңды, ойларыңды, қызығушылықтарың мен эмоцияларыңды құрметтейді
7. Сүйіспеншілік — сенімді қалыптастыратын құрметті еңбек. Жақсы көретін адам өтірік айтпайды және ештеңе жасырмайды.
8. Сүю дегеніміз — бейбіт, бақытты орта мен кеңістік құру
9. Жақсы көретін адам тыңдай да біледі. Маңызды болмаса да, сені тыңдап, қолдайтын адам- сені жақсы көретін адам болмақ
10. Махаббатта ешқашан қаталдық болмайды

Амантай Тойшыбайұлы фб парақшасынан