Өрнекте тұрғындар талабы орындалған
Мемлекет басшысының 2022 жылы наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы келесі кезекте Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Ербол Жиенқұлов, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Кездесуде округ әкімі Қанат Темешбаев округте атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларға тоқталып өтті.
Биыл округте амбулаториялық пунктісі және 5 көше, өрт сөндіру ғимараты, саябақ жөндеуден өткен. Білім ордасының жылыту жүйесі жөнделген.
Аудан басшысы алдағы округте атқарылатын жұмыстар туралы да айтып өтіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.