Қала тазалығын бірге сақтайық!

Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті. Дегенмен, осыны жете түсінбей, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары азаяр емес. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту аса маңызды. Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Нәтижесінде, ағымдағы жыл басынан бері қала тазалығына, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірген 60 жағдай анықталып, оның 51-іне ескерту берілсе, 9 адамға айыппұл салынды.
🔹Ал, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде жыл ішінде 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адам айыппұл арқалаған еді.
📌Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы