ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын орфей» Халықаралық байқауының жеңімпазы, әнші Бақтияр Тайлақбаев ауданымызда болып, өз өнерін көрсетті.
Еліміздің өнер кеңістігінде жүріп, бұқара халыққа кеңінен танылған әншінің концерттік бағдарламасы өзінің өнер әлеміндегі шығармашылығына 40 жыл толуына арналған.
Өнер кешіне арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов өнер иесін шығармашылығына 40 жыл толуымен құттықтады. Ауданға ат басын бұрып, өнер сүйер қауымға әннен шашу шашқан әншіге алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі