ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?!……

(Ең толық нұсқа)
Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ — «Ұл» деген.
Ұлдан туған бала — Немере.
Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай)
Шөберенің ұрқы — Шөпшек.
Шөпшектің ұрқы — Немене.
Неменеің ұрқы — Жүрежат(кейде некеге рұқсат берген)
Жүрежаттың ұрқы — Туажат(некеге рұқсат)
Туажаттың ұрқы — Жекжат.
Жекжаттың ұрқы — Жамағайын(ұрқыға айналады)
Жамағайынның ұрқы — Жұрағат(руға айналады)
Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады.
Шежірелерімізді біле жүрейік!
Қыздан туған баланы Қазақ — «Жиен» деген.
Жиеннің баласы — Жиеншар.
Жиеншардың баласы — Дегеншар
Дегеншардың баласы — Көгеншар
Көгеншардың баласы — Көбеңшар.
Көбеңшардың баласы — Тебеншар.
Тебеншардың баласы — Өлеңшар.
Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан.
Ал, сегізінші ұрпағын — «Қаймана»деген.
Жеті ата танымы…
Бірінші атаңыз — Әкеңіз.
Екінші ата — Ата.
Үшінші ата — Арғы ата.
Төртінші ата — Ұлы ата.
Бесінші ата — Тек ата.
Алтыншы ата — Түп ата.
Жетінші ата — Баба.
Сегізінші ата — Ұрқы.
Тоғызыншы ата — Ру (тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)
Біле жүрейік. Білгенге маржан.