Кездесу

Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында кездесу болып өтті.
Аталған Орталықтың қызметкерлері Омаров Махметтула Әшірбекұлы және Қондыбаев Қошан Дуйсекович Ауған соғысының ардагерлері болып табылады. Кездесуді Орталық директоры Е.М.Әнетбаев сөз сөйлеп ашып, ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттап және естелік ретінде арнайы сыйлықтар тарту етті. Ардагерлер өздерінің Ауған соғысында өткен жылдарына шолу жасап, тарихтан әңгіме қозғады. Өскелең ұрпақты Отанға қызмет етуге, болмысымызды қалыптастыруға шақырды. Кездесуді ұйымдастырған Орталық басшылығына ризашылық тарын білдірді. Сондай-ақ Орталық өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы