ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ АЛКОГОЛЬДІ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ

Ордабасы ауданы, Ынталы ауылының тұрғындары арақтан бас тартты. Яғни, ауылда енді спирттік ішімдік сатылмайды.
Ынталылықтардың көтерген бұл бастамасы ауылда мас күйде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, үлгілі ауыл ретінде таныту мақсатында жүзеге асып отыр.
Спирттік ішімдік сатпау бойынша ұсынысты ауылдағы дүкен иелері жылы қабылдаған.
Жалпы, Ордабасы ауданында біраз жыл бұрын Төреарық, Жусансай, Аққойлы ауылдарының тұрғындары спирттік ішімдіктен толығымен бас тартқан болатын. Қазір аталған үш ауылдың дүкендерінде мүлдем ішімдік сатылмайды. Сондай-ақ бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі