БАЛА ТӘРБИЕСІ – АТА-АНА АЛДЫНДАҒЫ ҮЛКЕН МІНДЕТ
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” құрылуы туралы мектеп ұжымымен және ата-аналармен түсіндіру жұмысы жүргізіле отырып, Мыңарал орта мектебінде, қыркүйек айында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” ашылып, әр аптаның cәрсенбі күндері 1-4 сынып білім алушылары, 5-9 сынып, 10-11 сынып білім алушыларының ата-аналары арасында айына үш сағаттан сабақ өткізілуде. Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау,қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт.
Осы тұрғыда ақпан айында 5-9 сынып білім алушыларының ата-аналары арасында интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру мақсатында интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру, ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту және ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету міндеттерін қолға ала отырып «Жасөспірімнің желідегі әрекеті» тақырыбында қолдау орталығының сабағы өтті. Ата-ана бойына қарым-қатынас, сананың прогреске ашықтығы, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, позитивті ерік жеке қасиеттер мен ұлттық құндылығын сіңірді. Нәтижесінде интернет желісін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері, интернетті пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер, желілік қауіптерден қорғану жолдары туралы ата-аналардың білім деңгейі арттырылды. Интернетті жауапкершілікпен, этика нормаларына сәйкес және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптастырылды. Айналадағы адамдармен әртүрлі жағдайда ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыра отырып, топта жұмыс істей білу, келісе білу, даулы-жанжалды жағдайдан шығудың жолын таба білді. Сабақ соңында мектеп директоры Жанат Ибраимова сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Жұлдыз АЙМАНБЕТОВА,
Мыңарал орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.