Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығында» зейнеткерлерге арналған құқықтық тақырыпта Жамбыл облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және құқық саласының мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесті Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы ашып, қатысушыларды семинардың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып өтті.
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл тарапынан зейнеткерлерге олардың әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде консультациялық көмек көрсету, сонымен бірге, өз құқықтарын жүзеге асыру саласында халыққа құқықтық білім беру және қарттарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон» жобасы ұйымдастырылған.
«Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон» жобасы — бұл зейнет жасындағы адамдарға құқықтық білім берудің әртүрлі формаларын қамтиды, яғни, тегін заңгерлік кеңестер, семинарлар, мастер-кластар және құқықтық тақырыптағы дәрістер өткізіледі.
Аталған семинар-кеңесте орталықтың қызмет алушылары түрлі сұрақтар қойып, мамандар тарапынан жауаптар алды.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы