СӨЗДІҢ ЖАНЫ БАР МА?

Бірде шәкірттерінің алдында дәріс беріп тұрған ұстаз: «Сөз жанды нәрсе, сөздің күші салыстыруға келмейтін аса қуатты »,-деп сөзін аяқтайды. Мұқият тыңдап отырған шәкірттер сөздің сол ұлы күшін қалай білуге болатынын сұрайды. Ұстаз: «Оны білетін қабілет сендердің барлығыңда бар» депті.
Оқушылар таңданып, бір-біріне дәлел сұрағандай қарады, бір бөлігі сенімсіздікпен жымиды, ал екіншісі оны растау үшін ойланып отырып қалды. Ең артқы қатардан бір шәкірт: «Құдай, құдай, құдай, құдай бар!» деп қайталай берсе әулие бола ала ма?, немесе «күнә, күнә, күнә!» деп қайталау арқылы күнәкар болып қалама ма? — деп айқайлап сұрақ қойыпты.
Есесіне ұстаз: «Ақымақ, ауызыңды жап та, үніңді өшір!» депті қатуланып. Сыныптастарының көзінше «ақымақ» атанған оқушы беті нарттай қызарып, ашуға ерік бергені сондай, ұстазына тіл тигізіпті.
Ұстаздың бет-әлпеті кінәлі адамдай өзгеріп: «Мен сенен шынымен кешірім сұраймын. Мені кешір, ашумен айтып қойған бір сөзімді кешір. Мен сені қорламауым керек еді»,-деп басын иіп кешірім сұрағанда шәкірті бірден тынышталып қалыпты.
Ұстаз: «Көрдіңдер ме? Бір сөз ашуландырса, екіншісі тыныштандырды. Бұл сендердің сұрақтарыңның жауабы»,-деп сөзін аяқтапты.