МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ
Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтуде. Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды.
Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек.
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы мәдениет саласында 28 жыл қызмет атқарып, бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бахыт Уәлиұлына аудан әкімінің Алғысын жеткізді.