Қазақ қоғамындағы әйел рөлі қандай?
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Нәзік жандылардың мейрамы қарсаңында “Қазіргі қазақ қоғамындағы әйел рөлі қандай? Әйел бақыты деген не”? сұраққа жауап іздедік.
Перизат Мырзахмет, сценарист, “Өмірдің аты М” кітабының авторы
Әйелдің рөлі — адамның рөлі. Өзінің дамуы арқылы қоғамды дамытатын кірпіш. Әйел бақыты — адамның бақыты. Жан тыныштығы, даму мүмкіндігі, миссиясын орындау мүмкіндігі, қауіпсіздігі, құқықтық теңдігі, өз тәні мен ойына қожа бола алу.
Динара Болат, психолог, саяхатшы, «Өмірге шексіз ғашық» кітабының авторы
Әйелдің рөлі — өзекті. Қазіргі қоғамдағы әйел бұрынғыдай отбасымен ғана шектелетін адам емес. Ол қызмет істеуі керек. Ол оқу керек. Ол даму керек. Ол өз алдына табыс табуы керек. Сондықтан әйел адамға жан-жақты қолдау керек. Әйелдің басты қолдаушылары: ата-анасы, ата-енесі, отбасы жұбайы, балалары. Демек, адамзат тарапынан түсіністік керек. Ішкі жан дүниесінде мұңы мен өкініші жоқ адамда арман бар ма?. Ал сүйгеніне сүйікті, айналасына сыйлы, қадірлі, барлық арман мақсаты орындалған әйел — ең бақытты әйел.