ТАЛАСТЫҚ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
«Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек-ті.
Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас.
Бүгін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Талас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты салтанатты шара өтті.
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасаң зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні Таластық аяулы ұстаз аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
Осы салтанатты шарада «Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету.
Біз қазіргі уақытта жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшудеміз.
Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Мақсат Қазанғапов,
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы