*КЕШІРІМ…….*

Әкем түнде жатарда өз иманын өзі үйіріп, көп уақыт бойы алақанын жайып, дұға жасап отыратын. Кейде мен де әкемнің дұғасына қосылып іштей қайталайтынмын, бірақ ол кезде мына дұғасын түсіне алмайтынмын. Əкем :
*- Иә, Алла. Мынау жалған фәниде, маған қиянат жасаған, маған қорлық пен зорлық көрсеткен, жамандық жасаған, еңбек нанымды жеген, менен алған қарызын қайтармаған, маған жала жапқан, H өсектеген пенделер аз болмады. Мен солардың бәрін де кешірдім. Рахымды Алла, өзің де олардың маған жасаған күнәларын кешіргейсің* — деп, дұға жасайтын.
Сонда мен əкемнен :
*- Әке. Сіз неге дұшпандарыңыз үшін Алладан кешірім сұрап отырсыз?* — деп таңғалып сұрайтынмын.
Сонда әкем :
*- Балам, мен өкпе ренішті о дүниеге алып кеткім келмейді. Мен үшін біреудің екі дүниеде де қиналғанын, артында қалған ұрпағының қарғыс арқалағанын қаламаймын!* — дейтін.
*- Өзім біреудің күнәсін кешірмей тұрып, ұялмай Алладан менің күнәларымды, кеше гөр деп қалай сұраймын?!* — дейтін әкем…..
Қазір ойлап қарасам — бұл үлкен тәрбие екен ғой. Маған ақыл айтпай-ақ, өзі үлгі көрсетіп жүрген екен-ау……
Әрине, мен әкемнің бұл қасиетін жүрегіме сіңіре алмадым, бірақ жақындарымнан бірінші болып, кешірім сұрауға тырысамын.
Әкем :
*- Балам, адам ыза мен кекті, ашу мен өкпені үнемі көтеріп жүре алмайды. Жүрекке көп салмақ түседі, ал кешірімді болсаң жеңілдеп, жақсарып қаласың!* — деп отыратын.
Сондықтан да, шама келгенше, кешірімді болғанға не жетсін?!
*Жауласа берсең жау да көп,*
*Қазбалай берсең дау да көп,*
*Кең пейілге кемдік жоқ….*
— деп отырушы еді жарықтық…..
Менің ешкімге өкпе, ренішім жоқ, бәрінде кешірдім. Бірақ, мен біреуге иненің жасуындай қиянат жасаған болсам, бәрінен де кешірім сұраймын!
*Жүрегі таза, ниеті дұрыс адам еш уақытта өзгеден кір іздемейді.*
Кешірімді кісі ғана ірі адамға айналады. Өйткені, оның жүрегі кең, өрісі биік!
*Бірінші болып кешірім сұрау — әлсіздікті білдірмейді, кішірею — төмендеу емес.*
Егер жақсы өмір сүргің келсе — жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адам тапқың келсе — жақсы сөйлеп жақсылық жаса!
*Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам бір күні өзі де бақытқа жетеді!*
Ешқашан ешкімді қызғанба, Алла ризықты әркімге әрқалай нәсіп етеді!
*Адам қызғаныштан — тез қартаяды, реніштен — ауру пайда болады, ашушаң — жүдегіш келеді.*
Ниет тілден емес, жүректен шығуы керек!
*Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз….*
Қадіріңді кетірме, ол — сенің таптырмас байлығың.
*Әр қиындықта — жеңілдіктер, əр көз жаста — қуаныш, əр сабырлықта — абырой жасырылған!*
Адам біреуге риза болса — кемшілігін көрмейді, ал біреуге ренжісе — жақсылығын көрмейді.
*Адамның көңіліне қарап сөйлеу — адамгершілік белгісі.*
Сөзді айтқанша сөзге сіз қожайынсыз, айтылған соң сөз сізге қожайын!
Көне көз қариялардан өсиет.
Жадымызда сақтайық, достар!
Желіден алынды.