Домбыраны ұшаққа кіргізу неге қиын?
Әлемді құшағына сыйғыза білген қазақтың қара домбырасы ел ішінде ұшаққа сыймай жүрген жайы бар. Таяуда халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай мен Қарағандыдағы концертіне ұшар кезде домбырасын қолжүгі ретінде алып кіруге рұқсат ала алмағанын әлеуметтік желіде жариялады. Бұған дейін де домбыра ұстаған талай өнерпаз домбыраны ұшақ ішіне алып кіре алмай пұшайман болғанын мәлімдеген.
«Өзге аспапқа рұқсат еткендер, домбыраға неге қарсы?», – деп сұрайды музыканттар. Ал әуе компанияларының өз талабы бар.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың басынан 3 күн бұрын өткен жағдай. Әуе компаниясы домбыраны бөлек жүк ретінде өткізуді талап еткен. Әнші жан серігі домбырасына бөлек орын сатып алған.
Қазақты жұмыр жерге танытқан ұлттық аспабы домбыраны әуе компаниялары жер мен көкке сыйғызбады әйтеуір. Үнемі дау туады. Былтыр Атырауға гастрольге келген оркестр Алматыға ұша алмай, әуежайда шу болған. Себеп – домбыраны өткізбеген.
Әсел Оспанова, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің сарапшысы:
— Тасымалдау кезінде багаждың зақымдануы орын алса акт жасалады, бұл акт бойынша аспаптарға авиакомпания тиісті рәсімдердің қортындысы бойынша зақымдану дәрежесіне байланысты залалды өтейді.

Әуе тасымалында мынау домбыра, мынау аспап деп қарамайды. Ол қолжүгі ретінде ғана қарастырылады.
Тойгүл Нұржанқызы, Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі:
— Қолжүгі ретінде домбыраны тасымалдауға болады. Нақты ережелер бар. Қалай алып жүру керек. Мысалы, ең алдымен кез келген музыкалық аспаптың сыртында қапталған арнайы қабы болуы керек. Және ол стандартты, параметрге көрсетілген, сондан аспауы керек.

Параметріне тоқталсақ ол ұзындығы, ені мен қалыңдығы тиісінше 56*23*36 см болуы шарт. Салмағы 5 келіден аспауы тиіс. Бұл дау болған әуе компаниясының сайтында тайға таңба басқандай жазылған талаптар. Осы талапқа домбыраның ұзындығы келмейді. «Ең сорақысы өз елінде ұшаққа сыймаған домбырамызбен шетелдіктер құшақ жая қарсы алады», — дейді өнерпаздар.
Ерлан Рысқали, әнші:
— Қазақстанды былай қойып, әлемнің түкпір-түкпіріне ұшып жүрдік қой домбырамен, мәселе болған емес ешқандай, бірақ дәл өзіміздің Қазақстанға келгенде осындай мәселе көтерілді.

Әуежай мамандарының айтуларынша, мәселе ішкі рейстердегі ұшақтардың көлемінің шағындығымен де байланысты. Бірақ басты талап қауіпсіздікпен байланысты.
Тойгүл Нұржанқызы, Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі:
— Көп жолаушылар сөмкемді үстіне қоямын қол жүгінде, ал домбырамды қасымда ұстап отырамын немесе аяқ жағыма қоя саламын деп ойлайды. Авиациялық қауіпсіздік талаптары бойынша мейлінше жолаушылардың отырған орындарында артық ештеңе болмаған дұрыс. Қандай да бір апатты жағдай туындай қалатын болса сіздің алдыңызда тұрған артық сөмке, жаныңызда тұрған басқа нәрселер, авариялық құтқару кезінде өте көп кедергі жасайды.
— Көп жолаушылар сөмкемді үстіне қоямын қол жүгінде, ал домбырамды қасымда ұстап отырамын немесе аяқ жағыма қоя саламын деп ойлайды. Авиациялық қауіпсіздік талаптары бойынша мейлінше жолаушылардың отырған орындарында артық ештеңе болмаған дұрыс. Қандай да бір апатты жағдай туындай қалатын болса сіздің алдыңызда тұрған артық сөмке, жаныңызда тұрған басқа нәрселер, авариялық құтқару кезінде өте көп кедергі жасайды.
Әсел Оспанова, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің сарапшысы:
– Қолданыстағы заңнама бойынша әуе көлігінде қол жүгі мен багаждың салмағы нормаларын тасымалдаушы өзі белгілейді. Авиакомпания көрсеткен әуе кемесінің салонында музыкалық аспаптар тасымалдау нормаларына сәйкес келмеген жағдайда музыкалық аспаптар тіркелген багаж ретінде немесе әуе кемесінің салонында алдын ала келісім бойынша қосымша ақыға жеке орын ала отырып тасымалданады.

Домбыраны ұшаққа кіргізбеген бірнеше оқиғадан ел дүрліккен соң былтыр маусым айында мәселе мәжіліске жеткен. Ринат Зайытов талап түрінде Астана мен Алматы әуежайларына мың домбырашы келіп, «Адайды» ойнаймыз деген еді. Депутаттың сауалы мен талабы ескерілді ме деген сұраққа кешегі Мақпал Жүнісованың оқиғасы анық жауап. Демек бұл сұрақтың басы әлі ашық.
Ерлан Рысқали, әнші:
— Бұл қанша дегенмен халықаралық стандарт, өзіміздің ішкі рейстерде, ішкі мемлекетіміздің бір нүктесінен екінші нүктесіне дейін еш кедергісіз баратындай біздің ұлттық құндылықтарға жағдай жасалып, заңмен бекітілуі керек деп ойлаймын.

Берік Дүйсенбай, тілші:
— Домбыраның мәселесін домбыраның үнімен, ақындардың тілімен жеткізсек.
Біздер осы кетпедік пе ұсақтап?

Ұлтсыздану түсіреді тұзаққ.
Талай елді алып жүрміз құшаққа,
Ал домбырам сыймай қапты ұшаққа.
Мәселені шешу үшін заң керек!
Сол заңыңды қабылдайтын нар керек!
Реттесек те заңмен мұны бәрібір,
Ең алдымен намыс керек, ар керек!