Демографияға дем берген қадам

ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ АРТУЫ – ЕЛГЕ ҚҰТ

ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ АРТУЫ – ЕЛГЕ ҚҰТ

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз. Адам өмірінің мәні мен сәні – өсіріп отырған ұрпағы емес пе?! Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы. 
Жас ұрпақтың болашағы жарқын болу үшін оларға бір күн ғана назар аударған жеткіліксіз. Олардың болашағы жарқын болуы үшін өмір бойы жұмыс істеген де артық болмайды. Бала – бақытты болу үшін жаралған. Ендеше, әлемдегі барлық бала балалық шақтың бал дәмін сезінсін, барлық ана, барлық бала бақытты болсын деп тілейміз!
Деген ұстанымды ұстанған  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, бүгінгі «Шаңырақ» күнінде перинаталдық орталығына барып, ондағы жаңа туған нәрестелердің аналарына сый-сияпаттар жасады.
Ақиқатында бүгін елімізде «Шаңырақ» — отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған күн тойлануда. Ал, бүгінгі мерекеде басқарма басшысынан арнайы сый алған жас аналар алғыстарын білдіруде.
Осыған орай денсаулық сақтау басқармасының басшысы ана сүтімен тамақтандырудың пайдасы мен бала күтімі туралы әңгіме айтып, дәрігерлік кеңестер берді.
Ия, қазіргі таңда еліміздің демографиялық көрсеткіші жыл санап артып келеді. Соның арқасында 2023 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті. Көпбалалы отбасылар демографиялық ахуалымызды көтеруге үлкен үлес қосып отыр. Өз кезегінде ел Үкіметі түрлі қолдау шараларын ұсынып отыр
 Яғни, «Балалы үй базар» дейтін отбасылардың саны артып отыр.
Адами капитал әрқашан елдің тұрақты дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Себебі, кез келген елдің демографиясы ішкі саясат, экономикаға тікелей әсер етеді.
Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды

Жамбыл облысында да жылдан жылға туу көрсеткіші артып келеді. Еліміздің демографиялық ахуалына жамбылдықтар да өз үлестерін қосып келеді десек артық айтқандық емес. Нақтырақ тоқталып өтсек: өткен жылы Жамбыл облысында 7 481 (мерзімінен ерте 899, кесар тілігі жолымен 2 953) әйел босанып, 7 572 бала (173 егіз, 4 -үшемдер) дүние есігін ашса, 2024 жылы — 1526 босанған. «Әр бала өз несібесімен туады» деп білетін халықпыз. Басы­нан қандай қиын кезеңдер өтсе де, жетімін жылатып, жесі­рін қаңғыртпаған елміз. Баба­лардың сол салты жаңа ғасыр­да да маңызын жойған жоқ. Біз бү­гінде екі есе бақыттымыз дер едім: тәуелсіз еліміз бар, жыл са­нап нығайып келе жат­қан мем­лекетіміз бар. Сондықтан демографиялық ахуалдың түзелуі — елдің экономикалық әлеуетінің, медициналық қызметтің сапасының артуына тікелей қатысты. Еліміздің халық саны артты деп қуануы көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, «төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді» деген.

Дариха Үмбетиярова, журналист