ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ата — ана жанайқайына жауабы…

bezymyannyy_0Білім және ғылым министрлігі жаңа оқулықтардың сапасы, оқытудың ерекшеліктері мен жалпы білім беру бағдарламаларының сапасы тақырыбын жалғастырады. Мәселенің ауқымы кең болғандықтан, мұның министрліктегі бірнеше департаменттің қызметіне қатысы бар. «Хабар» арнасы Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Нұрбапашқызы Әбділдинамен сұхбаттасқан еді. Қазір бірінші сынып оқушылары осы орталықтың мамандары даярлаған бағдарлама бойынша оқып жатыр. Жанар Нұрбапашқызынан да ең алдымен жаңа оқулықтардағы тапсырмалар жөнінде сұрадық. Өйткені, алматылық 1-сынып оқушысының анасы Салтанат Тәжиева тапсырмалардың қиын екенін айтып, бейнежазба таратқаннан кейін (https://www.facebook.com/saltanat.tazhieva/posts/1151831571596856) бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.

Жанар Әбділдинаның айтуына қарағанда, жаңа бағдарламаларды даярлау кезінде мамандар шетелдік тәжірибеге ғана емес, отандық практикаға де сүйенген. Материалдармен жұмыс істеу кезінде жалпы білім беретін қарапайым мектептердің мұғалімдерімен қатар (шамамен 120 адам), еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының 37 оқытушы ғалымы атсалысқан. Бұған қоса, бүкіл әлемдегі 6 жасар бірінші сынып оқушыларының тапсырмаларына мониторингтік зерттеу жасалған.

Әлемдік білім беру саласындағы озық тәжірибе негізінде жазылған жаңа оқулықтар қазақстандық оқушыларға бейімделе отырып жасалған. Ол бойынша, балалар оқу процесіне толыққанды араласуы керек. Заманға сай орта білім берудің басты міндеті – баланы кішкентайынан ойлауға, ой қорытуға үйрету. Білім берудің мақсаты Блум тәжірибесіндегі етістіктерге сай болуы керек, яғни: білу, түсіну, қолдану, талдау жасау, ой қорыту, бағалау
(https://ru.wikipedia.org/…/%D0%A2%D0%B0%D0%BA%D1%81%D0%BE%D…%
D0%BC%D0%B8%D1%8F_%D0%91%D0%BB%D1%83%D0%BC%D0%B0).
Жаңа білім беру бағдарламасы бүгінгі балаларды қызықты тапсырмалар және эксперименттер арқылы қызықтыра отырып, алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған. Сондай-ақ, бағдарламалардың барлығы дерлік арнайы жүйемен құрылғанын атап айтқан жөн. Яғни, бала бір сыныптан екіншісіне көшкен сайын білімі біртіндеп тереңдеп, арта түседі.

Қызыл кітапқа енген құстар туралы сауалға қатысты айтар болсақ (естеріңізде болса, Салтанат Тәжиева өзінің бейнежазбасында балаларға Қазақстанның Қызыл кітабына енген 5 құсты атау жөнінде тапсырма берілгенін айтқан болатын), Жанар Әбділдинаның айтуынша, әр тапсырмаға орай міндетті түрде мұғалім алдын ала балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осы орайда кішкентай балаларға сыни және шығармашылық тұрғыда ойлап, қорытқан ойын әрі қарай пайдалана білуге үйрететін мұндай бағдарламаның Қазақстанда бірінші рет жасалғанын атап айтқан жөн. Ал оны жасауға қажеттілік халықаралық талаптарға сай болудан туындап отыр.

Оқушылар күніне салмағы 5-6 келі болатын оқулық көтеріп жүруге мәжбүр деген пікірге Жанар Әбділдина «барлық оқулықтар заманауи гигиеналық талаптарға сай және олардың әрқайсысының салмағы 300 грамнан аспайды» деп жауап берді. Жанар Нұрбапашқызының пікірінше, балалардың жүктемесі тікелей әр мектептегі оқу процесінің қалай құрылғанына байланысты.