Сауапты іс
Алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу-сауапты іс. Бүгін Тараз қаласындағы №59 мекемесінде жыл сайын республикадан бастау алатын «Ағаш отырғызу» акциясы өтті.
Дәстүрлі шараға мекеме қызметкерлері, мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметов пен мекемемен бірлесіп сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізіп жүрген Тараз қаласының бас имамы Маханұлы Ержан Аманбаев та атсалысты. Тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде, мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат айналамызды таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыруға шақыру болып табылады.
Д. Үмбетиярова