Павлодарда сотталушылар киіз үй жасап жарысты
— Байқауға тоғыз жасақ қатысты. Әркім өз өнімін ұсынды. Киіз үйлер сымнан, гипстен, сіріңкеден, қағаздан, киізден, ағаштан және картоннан жасалды. Біреу тек сыртқы макетін жасаса, енді біреуі әшекейлерімен толтыруға тырсты. Сотталғандарға өнімді жасауға тура бір апта уақыт берілді. Байқау Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, — деді мекеме бастығының орынбасары Арман Жүсіпов.
Наурыз мерекесі қарсаңында өңірдің барлық колонияларында сотталғандар үшін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар жоспарланды.
Байқау қорытындысы бойынша сотталғандар таза ағаштан киіз үй жасаған №3 жасақ бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орынды №7 және 4 отрядтар өзара бөлісті. Жеңімпаз болғандарға қырыну жиынтықтары мен кеңсе керек-жарақтары және мекеме бастығының құқықтарымен көтермелеуі берілді.
nege.kz