ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫН ЖОЮ БОЙЫНША ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ОРНЫ АШЫЛДЫ

Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен қала тұрғындары үшін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ғимаратында (Шымкент қаласы, Түркістан көшесі – 1) арнайы 09:00-19:00 ге дейін жұмыс жасайтын штаб ашылғанын хабарлаймыз!
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
-Киім-кешек.
-Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
-Гигиеналық заттар.
-Азық-түлік
-Тұрмыстық заттар.
Анықтама алу үшін: +7 (771) 859-48-43 – Қайыржан
ЕСКЕРТУ: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі