АУДАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу жиыны өтті.
Жиынға Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Дүйсенұлы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұралы Ергебаев, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Мейірхан Бекпенбетов, сондай ақ, аудан
әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, депутаттар, тиісті мекеме басшылары, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.
Жиынның негізгі мақсаты — Бизнес- қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылауға және тексеруге байланысты қойылған мараторий мерзімі аяқталуына байланысты, 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталуы, мобильді аударымдарды салықтық бақылау жүйелері және тағы да басқа бақылау, қадағалау функцияларын түсіндіру.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Қ. Дүйсенұлы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н. Баянбайұлы, сондай-ақ аудандағы кәсіпкерлік саласының ағымдағы жағдайды туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасы Сарысу аудандық филиалының директоры Ш. Басиеұлы, кәсіпкерлік субъекті ғимараттары мен құрылыстарының өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары сақтауы, сақтамаған жағдайдағы әкімшілік шаралар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж. Иманәліұлы, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі және мобильді аударымдар туралы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д. Қалтайұлы және санитарлық- эпидемиологиялық талаптар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенұлы баяндама жасады.
Хабарламашылар ақпаратымен танысып, кәсіпкерлік субъекті қызметін жүргізу бойынша 2024 жылдан бастап қолданылатын өзгерістер мен толықтырулар тыңдалды.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Кез келген жағдайда, кез келген уақытта кәсіпкерлерді тексерулер болуы мүмкін, сондықтан, кәсіпкерлерге заңнаманың барлық тиісті нормалары мен талаптарын сақтау, барлық мәселелер, бизнес- процестерде жүргізілетін барлық жұмыстар заң шеңберінде болу керектігін айтқан аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы облыстан арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.