Астанада аутизмді дүниежүзілік қолдау шаралары өткізілуде
Бүгінгі таңда елорданың балалар саны 500 мыңды құрайды. Статистикаға сәйкес, эмоционалды саласы бұзылған балалардың саны бүгінгі күні 3 479 баланы құрап отыр, ал өткен жылы олардың саны 2 899 болған.
Астана қаласы Білім басқармасы осындай санаттағы балаларға жағдай жасау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Қазір қалада 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, 29 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, екі аутизм орталығы ашылды. Дәстүр бойынша, аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күнін қолдау мақсатында қалада 1-5 сәуір аралығында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл білім беру ұйымдарының мамандарына арналған конференциялар, оқыту семинарлары, арнайы білім беру ұйымдарындағы Ашық есік күндері, ата-аналарға арналған кеңестер. Іс-шаралардың мақсаты – аутизммен ауыратын адамдарға, олардың отбасыларына көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару.