🔴 Экзотикалық жемісті өсіруді қолға алған жамбылдық бағбан
Тіршілік қыламын деген тірі пенденің екі қолына бір күрек қашанда табылады. Оған еліміздің табиғи климат жағдайы да, мемлекетіміздің қолдауы да бар. Тек, кәсіп бастаймын деген жанда шын ықылас – ниет болса, таңдайға таңсық экзотикалық жемісті де Жамбыл жерінде өндіруге болады. Бұған жылыжайында банан өсіруді қолға алған бағбан Ермұхан Әжіғаттың жаңа бастамасы дәлел.
Жамбыл ауданы, Ерназар ауылының тұрғынының жылыжайында 1 сотық жерде құлпынайы жайқалып өсіп тұр. Талай жылдар Алматыда дәнекерлеуші болып цех ашып, жұмыс істеген азаматтың тірлігін тастап, басқа кәсіпке ауысуына ауылға деген сағынышы, қара шаңыраққа деген құрметі себепкер болған.
Тұрақты тұтынушылары бар ауыл азаматы бүгінде ауласында лимон мен банан өсіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде.