“АҚЫНДАЙ СЕЗІМТАЛ, ӘЛЕМДЕ ЖАН БАР МА?” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Әулиеаталық ақындармен «Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.



