ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІС АТҚАРДЫ
Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 100 түп қарағаш, 200 түп калифорниялық терек пен 40 түп шынар отырғызды. Одан бөлек бой алған ағаштардың түбін, аумақ қоршауларын сырлап, бояды. Сонымен қатар 1000 дана гүл көшеті отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ал Созақ ауданында 100-ге жуық медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы көшесі бойында арықты тазалап, тал көшеттерін әктеді. Сондай-ақ қоқыс қалдықтарын жинады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі