«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮЛКІБАСТА БІР АУЫЛДЫҢ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылының тұрғындары ауылдың шеткейіндегі аймақ пен мазарат аумағын күл-қоқыстан тазартып, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Шағын ғана ауылдан жалпы сенбілікке 2000 тұрғын қатысып, тазалық шарасынан соң өмірден өткен ата-бабаларының әруақтарына құран бағыштап, ас берді.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» акциясына ауыл тұрғындары ерекше үлес қосып келеді. Биыл наурыз бен сәуір айының бірінші онкүндігінде аудан аумағында облыс тарапынан берілген 29 мыңға жуық көшет егілді. Сонмен бірге ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, ауыл белсенділерінің демеушілігімен алынған 5 мыңға жуық сәнді және жеміс ағаштарының көшеттері, раушан гүлдер егілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі