«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАР АБАТТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНЕ КІРІСТІ

Ел көлемінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Қазығұрт ауданына қарасты ауыл аймақтарда абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атап айтсақ, елді мекендерде ағаш көшеттері отырғызылып, әктеу, бұтау шаралары орындалған. Сонымен қатар жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланған. Оған қоса арық-атыздар тазаланып, көшелер күл-қоқыстан тазартылды.
Акция барысында аудандағы Қызылқия ауылдық округіндегі Ынталы елді мекенінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді жастардан жалпы 150 адам қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі