ҚЫСҚА ӨМІР ӨКПЕ-РЕНІШПЕН ӨТПЕСІН

Таң жаңа ғана атқан сияқты еді, қарасам кешкі сегіз болыпты. Дүйсенбі деп тұрып жатыр едік, бүгін жұма болып қалыпты.
…осылай ай өтті.
…осылай жыл өтті.
…осылай 30, 40 және 50 жыл өміріміз зу ете қалып 60-қа таяп қалыпты жасымыз.
…қарасақ жанымызда кейбіреуіміздің әке-шешеміз, жан достарымның кейбірі жоқ.
Қайта оралуға кеш екенін түсінеміз. Солай…
Ендеше қалған уақытты мейлінше қайырлы қылып өткізейік. Өзіңе ұнайтын тірлікті істеуге ұялма. Сұр көйлегіңе қызыл алқа тағудан қысылма. Жүрекке жылу беретін ұсақ-түйектерге жылы жымиюды үйрен!
Уысымыздан сусып кетпеген уақытымыздың қадірін білейік. “Сосын” деген сөзден құтылып көрейікші!
Мен мұны сосын істермін…
Сосын айтармын…
Кейін ойланармын…
Маңызды істердің бәрін кейінге қалдыра береміз. “Сосын” оның бәрі біздің еншімізге бұйырар-бұйырмасын ойламаймыз… Себебі ең маңыздысын түсінгіміз келмейді.
Сосын…
Сосын — шәй суып қалады…
Сосын — құндылықтар өзгеріп кетеді…
Сосын — жыл бітеді…
Сосын — денсаулық нашарлайды…
Сосын — балалар есейіп кетеді…
Сосын — уәде ұмытылады…
Сосын — күн түнге ұласады…
Сосын — өмір өтіп кетеді.
Сосын ылғи кеш қалып жатамыз.
Сондықтан… ештеңені кейінге қалдырма, себебі “сосынды” күтіп жүріп өмірдің ең жарқын сәттерін өткізіп алуың мүмкін! Бауырыңнан не досыңнан айырылып қаласың, шын сүйген адамың қайырылмай кетіп қалуы мүмкін! Өкінгенмен уақытты кері қайтара алмайсың…
Ең жақсы тірлігіңді,
Ең жақын *бауырыңды*,
Ең жақын *досыңды*,
*Отбасыңды*,
Бүгініңді,
осы сәтті
өткізіп аласың.
Қазір істеуге тиісті жұмысты ертеңге қалдыратындай жаста емеспіз. Сондықтан бұл хатты оқып отырсаң дереу бөлісуге уақыт тап. Әлде оны да кейінге қалдырасың ба?
Бұл сәтті ертең ешкіммен бөлісуге ниетті болмайсың.
Бәрін қазір істе! Көбіміз өмір жолын салғандаймыз,
Бірақта тұлдыр жетім қалғандаймыз…
Таулардың қастарында жүрген кезде,
Таулардың биіктігін аңғармаймыз…
✍✍✍
Асқар Тау Әкемізді түсінбейміз,
Ақыл айтпай, үндемей жүрсін дейміз.
Өз отбасым, өз балам, өз қызым бар.
Бізден бөлек өздері тұрсын дейміз…
✍✍✍
Өлген соң жүрек жылап сағынамыз,
Түске кірсе кетпе деп жалынамыз…
Кім біледі Ата-Анамыз қайтып келсе,
Жүрер ме едік бұрынғыдай тағы да біз…
✍✍✍
Қайта келсе Ата-Анамды жылатпас ем,
Еш Адамнан еш нәрсе сұратпас ем…
Барымды сап көтеріп көңілдерін,
Ата-Анамның беделін құлатпас ем.
✍✍✍
Солар үшін қайтадан туар едім,
Бес мезгіл қол-аяғын жуар едім.
Таза ауаға апарып, асын беріп…
Шыбын — шіркей жолатпай қуар едім.
✍✍✍
Бір-ақ рет келеміз бұл өмірге,
Ата-Анамыз уақытша жүр өмірде.
Қадірін кеш түсінген Ата-Анамның,
Орны толмай ойсырап тұр өмірде.
✍✍✍
Құран оқып кейбірде жылап алам,
Қара жерге бас ұрып құлап алам…
Ата-Анама жақсылық тілеп жүрем,
Алдымда жүрген кезде сұрамаған.
✍✍✍
Ата-Анаңды бәрің де сыйлаңыздар,
Жан-жағыңның көңілін қимаңыздар.
Үлкендердің көңілін таппай тұрып,
Бұл жалғанда еш нәрсе жимаңыздар.
✍✍✍
Жан жағыңның қарғысын алмаңыздар,
Жүрекке жара ешкімге салмаңыздар.
Бір-біріңнің қадірін кеш түсініп,
Ең бастысы кешігіп қалмаңыздар!