Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Коалициясы Елбасы Үндеуін талқылады
Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Коалициясының отырысын өткізді. Бұл басқосу мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкіліттіліктерді қайта бөлісу бойынша жасаған Елбасы үндеуіне арналды.
Кездесуді ашқан«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы жария еткен саяси жүйені жаңғыртудың мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының өзара іс-әрекетінің үйлесімділігін және олардың әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, олардың қатарында болуға біз де ұмтылып жатқан ең табысты мемлекеттерде елдің ілгерілеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік билік тармақтарының өзара іс-әрекетінің жүйесін құруға зор маңыз беріледі», – деп толықтырды Мұхтар Құл-Мұхаммед. Сонымен бірге ол «күшті президенттік институттың, барша халықтың жаппай қолдауына ие болған Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шоқтығы биік тұлғасының арқасында тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бүкіл әлем мойындаған табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жоспарланған өзгерістерде мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің анағұрлым үйлестірілген жұмысы үшін көп мүмкіндіктер бар деп есептейді. Біздің еліміздің экономикасын инновациялық дамыту тұрғысында мұның маңызы орасан зор. Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушы өкілеттіктер беру, оның дербестігі мен жауапкершілігін күшейту маңызды мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың тиімді қызметін арттыруға бағытталған.
«Сонымен қатар Үкіметтің қызметіне байланысты Парламенттің бақылау міндетін күшейту Үкіметтен күнделікті және стратегиялық жұмыстардың сапалы жаңа деңгейін, Қазақстан халқы мен жоғары заңнамалық орган алдындағы ашықтық пен есептіліктің артуын талап етеді», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұсынылып отырған іс-шаралар саяси үдерістердің белсенді субъектілері, қоғамдық пікір алмасулардың негізгі орталықтары, ең көптеген әлеуметтік топтар мүддесінің үні болып табылатын Қазақстандағы барлық саяси партиялардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.
Демократиялық Күштердің Жалпұлттық Коалициясының отырысына еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты. Атап айтсақ, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Жалпыұлттық қозғалысының президенті Оралбай Әбдікәрімов, Азаматтық альянстың президенті Нұрлан Ерімбетов, «Халық Қаһарманы» – Қарулы күштер ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев, Ұлттық инженерия академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, Ұлттық академия президенті Мұрат Жұрынов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Аблай Мырзахметов, Қазақстан Халықтары Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко және тағы басқалар.
Коалиция Елбасы ұсынған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарға қолдау білдіріп, барлық қазақстандықтарды оны талқылауға шақырып, ол «Қазақстан – 2050» ДКЖК –ның халыққа жасаған қорытынды үндеуінде көрініс тапты.
Бүгінде Демократиялық Күштердің Жалпыұлттық Коалициясы 5 саяси партиядан, 17 ірі қоғамдық бірлестіктер мен 500 астам ҮЕҰ құралған.
****************
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ
ҮНДЕУІ
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Біз, барлық әлеуметтік топтар мен өңірлердің мүдделерін білдіретін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, елміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері:
Еліміздің Тұңғыш Президентінің көшбасшылығын және жалпы әлемдегі мықты, табысты және құрметті мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанды құрудағы президенттілік институтының тарихи маңызын мойындай отырып;
Елбасымыздың мемлекеттілікті нығайтуға, республикамызды одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуға арналған Мемлекеттік бағытын толығымен қолдай отырып;
Мемлекет басшысының қазіргі заманның жаһандық және өңірлік қауіп-қатерлеріне әрекет ету қажеттілігі туралы ұстанымын қолдай отырып;
Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және еліміздің әлемдегі 30 жетекші мемлекеттің қатарына кіру бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынып отырған реформасының ерекше маңызын ескере отырып;
заманауи қоғамдық процестердің жылдамдығы мен күрделілігін және Қазақстан азаматтары мен болашақ ұрпақ алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне отырып;
Қазақстанның барлық азаматтарын Елбасымыздың мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамасын талқылауға белсенді қатысып, қолдауға шақырамыз.
Елбасымыздың мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлестірілген жүйесін қамтамасыз ету бойынша ұсынып отырған жаңа реформасы Қазақстанды саяси трансформациялаудың эволюциялық кезеңі және қазақстандық мемлекеттілік пен демократияны дамыту жолының логикалық жалғасы болып табылады.
Үкіметтің экономика саласындағы атқарушылық өкілеттіктері мен дербестілігін кеңейту және оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есептілігін күшейту еліміздің бірнеше жылға алға саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге негіз жасайды.
Парламенттің бақылау функцияларын күшейту Үкіметтен ағымдағы және стратегиялық жұмысының сапалы жаңа деңгейін, айқындылығы мен жоғары заңнамалық органға, яғни Қазақстан халқына есептілігін арттыруды талап етеді.
Парламенттің рөлін күшейту саяси процестің белсенді субъектілері, қоғамдық пікірталас пен дебаттардың негізгі орталықтары, кең әлеуметтік топтардың мүдделерін атқарушы ретінде Қазақстанның барлық саяси партияларының дамуына жаңа мүмкіндік тудырады.
Күтіліп отырған реформалар Қазақстанның әрбір азаматының қатысуын талап етеді. Халқымыздың рухани байлығы, ұлтымыздың сапасы, оның заман талаптарын қабылдау және тек алға даму қабілеттері біздің мемлекетіміздің жетістігін айқындаушы факторы болған және болады да.
Демократиялық күштердің «Қазақстан» жалпыұлттық коалициясының мүшелері қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін барлық азаматтарды Елбасымыздың бастамаларын қолдауға шақырады.
«Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» републикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі.
2017 жылғы 26 қаңтар