«Тұрғындар арасында деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу»
Деструктивті идеологиялардың таралуы еліміздің дін саласындағы өзекті мәселерінің бірі. Деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында дін мәселесін зерттеумен айналысатын мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың жолына тосқауыл болып келеді.
Үстіміздегі жылдың 2-3 мамыры күндері ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен аудандағы мектептер мен спорт мекемелері және өзге де еңбек ұжымдарында, ауыл мешіттерінде, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаттары, этнос өкілдері және аудан жастары арасында «Дәстүрлі құндылықтар және тарихи тұлғалар», «Жастар және дін», «Дін экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Дін мен мәдениеттің сабақтастығы», «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры», «Дін мен дәстүр – халқымыздың рухани иммунитеті», «Дінаралық және этносаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыптарында кездесу жиындары өтті.
Жиынға қатысқандар деструктивті діни ағымдар туралы, олардан сақтану, ол үшін қоғам болып жұмыла күресу керектігін айтты. Жастардың бойына патриоттық сезім, қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына, дәстүрлі құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Сарысу ауданы