Сарыкемер ауылынан тағы бір коррекциялық орталық ашылды
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында Сарыкемер ауылынан тағы бір коррекциялық орталық ашылды.
» Taza coile» орталығын кәсіпкер Билалова Айжан Хашимовна ашты.
Орталыққа қазіргі таңда 30 бала қамтылған. Оларға арнайы логопед, дефектолог, АФК тренері, психолог мамандары қызмет көрсетеді.
Логопед маманның міндеті- дыбыс қою, просодикамен жұмыс, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздің лексико-грамматикалық құрылысын дамыту. Балалардың бет бұлшық етіне, ауыз қуысына белсенді, босаңсыту массаждарын жасау.
Дефектолог мамаманының міндеті- танымдық кабілеттер:ойлау, есте сақтау, зейін тұрақтылығы, көріп қабылдау, естіп қабылдау, қиялдау, түсіну кабілеттерін дамыту
АФК тренері — Афк сабағы(Адаптивті дене шынықтыру)
Баланың пропреоцептивті вестибулярлы жане тактильді жүйесінің дамуымен жұмыс.
Балаға қандай пайдасы бар?
-Баланы қалыпты ортаға бейімдеуге ықпал етеді
-Балаларды физикалық психикалық кедергілерді жеңу қабілетін қалыптастырады.
-Таным процестерін қалыптастыруға ықпал етеді.
-Баланың денесін тұрақты физикалық белсенділікке үйретеді,және буын мен бұлшықет тонустарын қатайтады.