САРЫАҒАШ АУДАНЫННЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 16 мамырда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Сарыағаш қ, М.Шораұлы көшесі №44 А), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Сарыағаш қ, М.Шораұлы көшесі №44 А) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 15 мамырға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.