Жұмыртқасын қалтасына салып ұшатын торғай
Мадагаскар торғайы, өзінің жұмыртқасын ұяға салмай өзімен бірге қалтасына салып ұшып жүретін әлемдегі жалғыз құс. Ұрғашы құс жұмыртқасын тері қалта-жатырына салып жүреді. Босанатын уақыты келгенде, қалтасы жұқарып, қонған жерінде балапан шығады. Не бәрі 15 минуттан соң, балапаны өзімен бірге ұшып кетеді. Белгілі канадалық оринтолог Летиция Боллс өзінің «Біздің ерекше планета»- деген кітабында: «Мадагаскар торғайы жылы жерлерге ұшып келуі үшін қалтасындағы үш жұмыртқасымен 20 000 км қашықтықты бағындыратын, ерекше әрі кішкене құс болып табылады»- деп жазған болатын.