Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті
Республика Сарайында ардагерлерге, Отан қорғаушыларға, сондай-ақ әскери жоғары жәнеорта оқу орындарының курсанттарына арналғанмерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздарыМәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы, Сая Махамбет және т.б. артистер Отан, ел мен жертуралы ән салды.
Сонымен қатар, мерекелік кеште 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнеркөрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі.
Мереке армия генералы, тәуелсіз Қазақстанныңтұңғыш қорғаныс министрі, Халық ҚаһарманыСағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың100 жылдығына арналды. Олардың құрметіне IL Canto квартеті «Сағадат» және «Мықты адамдар…» әнін орындады.
Концерттік бағдарлама эстрадалық-симфониялықоркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әніменаяқталды.
Отан қорғаушы күніне орай, Алматының барлықмектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары және т.б. өткізілді.
7 мамырда Алматының аудандарында мерекелік іс-шаралар өтті.
Бостандық ауданында «Ел ертеңі — бүгінгі жастар» атты салтанатты іс-шара өтіп, әскери қызметшілермарапатталды, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылды.
Жетісу ауданында «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Алатау ауданында әкімдік ғимаратының алдында«Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарықойылды.