Бұл дүние — сынақтардың мекені
Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын!) ешқашан құрсақ көтеріп, бала сүймегенін білесің бе…
Бірақ бұған қарамастан сүннет кітаптарынан Айша анамыздың:
«Йə, Аллаһтың Елшісі ﷺ! Маған ұрпақ нəсіп етуін сұрап Аллаһқа дұға қылшы!» — дегені кездеспейді.
Айша анамызды қатты жақсы көрген, Айша анамыз қатты қызғанған Пайғамбарымыз ﷺ Айша анамыздың жасы 18-ге келгенде дүниеден қайтқанын білесің бе…
Яғни, Айша (радыйа Аллаһу ъанһə) Аллаһ Елшісінің ﷺ өлімінен кейін 47 жыл өмір сүрді, бірақ некесі үшін қасірет шеккен.
Алайда, анамыз білім жəне құлшылыққа көңіл бөлді. Ұстаздық етті. Көзі ашық болды. Ұлы сахабаларға пəтуалар берді.
Өмір бала туумен, неке құрумен, үймен, мал-мүлікпен шектелмейді жəне өмір ата-ананың қайтыс болуымен не болмаса балалардан айырылумен бітіп қалмайды.
Аллаһ Тағала құлын бір нəрседен айырса, міндетті түрде оның орнын одан да хайырлы бір нəрсемен алмастырады. Бұл дүние — сынақтардың мекені. Бұл өмір толық əрі мінсіз болмайды. Ешқашан!
Жүрегіңді иманмен, разылықпен, Аллаһ жайлы жақсы ойлармен толтыр! Уақытыңды білім алуға жəне өзіңе əрі қоғамыңа пайда əкелетін нəрсеге жұмсауға тырыс! Сабырлы бол, Құранды досыңа айналдыр! Аллаһ Тағала айтты емес пе: «Біз саған Құранды машақат үшін (сені бақытсыз болсын деп) түсірмедік» («ТаҺа» сүресі, 2-аят).
Ибн əл-Мүбəрак «əз-Зуһд» еңбегінде Абу Дарданың (радыйа Аллаһу ъəнһу) былай дегенін жеткізеді:
«Үш нəрсе болмағанда бұл өмірде қалғым келмес еді:
1. Ыстық күні ұстаған оразадағы шөл.
2. Түнгі намаздағы сəжде.
3. Өздеріне ең жақсы жемістерді сұрыптап алатыны секілді, ең жақсы сөздерді таңдайтын адамдардың ортасында болу».
Өмірді мұсылмандардың алғашқы буыны секілді түсіне алсақ қой, шіркін …🌙