21 мамырда Алматыда сирена қосылады
21 мамыр күні сағат 10.00-де Алматыда сирена естіледі. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жүйесін тексереді.
«Назар аударыңыздар!» электрлік сигналдарын қосу арқылы телерадио хабарларын тарату арналарын автоматты түрде ұстап тұрумен қатар қала қонақтары мен тұрғындарын ескерту жүйесінің техникалық дайындығын тексеру және сейсмикалық дайындықтың басталғаны туралы хабарлайды.
«Сонымен қатар, сирена-дыбыс қондырғылары іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін әзірлей отырып, объектілік сейсмикалық дайындық жүргізіледі».
Алматыда соңғы рет 23 ақпанда жалпықалалық сейсмикалық дайындық жүргізілді.