Астана мен Әбу-Даби бауырлас қала
Астана мен Әбу-Даби бауырлас қалалар болады
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат — Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.
Қалалар арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қатынастарды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Қалалар арасындағы муниципалдық әріптестік сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.
ҚР Елшісі Қ.Лама Шариф қазіргі кезде Астананың 42 бауырлас қалалармен және әріптестермен шарттық қатынастары жолға қойылғаныны атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастарының айғағы — қазірдің өзінде Астанада салынып жатқан көпфункциональды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің және Шейх Халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі 2015 жылғы 28 қазанда Астанада алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы және осы жылғы 16 ақпанда БАӘ астанасында Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласы әкімдігінің екінші қазақстандық-әмірлік «БАӘ және Қазақстан: Бір-біріне қарай қозғалыс» бизнес-форумның өтуі болды.
Әбу-Даби муниципалитеті істері жөніндегі департамент Біріккен Араб Әмірліктерінің жергілікті өзін-өзі басқару органы. Әбу-Даби муниципалитеті 1962 жылы құрылған болатын. 1969 жылы БАӘ Президентінің жарлығымен қаланың алғашқы муниципалдық кеңесі тағайындалды.
Департамент халыққа кешенді қызмет көрсетуге, тиісті жоспарлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол желілерін, қалаға техникалық қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығын дамытуға және әртүрлі салалардағы қоғамдық нарықтарды құруды реттеуге жауап береді.
лар болады