Мемлекеттік рәміздер ұлықталды Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде.
Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгілікке жазылды. Ұлттық нышандарды ұлықтау күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлері сапқа тұрып, көк туымызды желбіретіп, мемлекеттік әнұранымызды щырқап,рәміздерімізге құрмет көрсетілді.
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Барша қазақстандықтарға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі құтты болсын! Бірлігі жарасқан тәуелсіз еліміздің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!