ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ЗАРДАБЫ

Мына бір қысқа өмірде берілген мүмкіндіктің бәрін қолданып көрейік, көріп қалайық дейтін азаматтарды өз көзіммен көрген болатынмын. Олардың ойлағаны не?
Міне, бұл ойлар үлкен мәселеге алып келді. Яғни, айтқым келгені қазіргі жасөсіпірім құмар ойындардың азартына кіріп, сұққан басын шығара алмай әлек.
Ендеше, жастар құмар ойынның қайдан шыққанын, «Құмар» сөзінің түпкі мағынасын біле ме?
Білмесе, «Құмар» сөзі арабша «майсир», яғни жеңіл жолмен мал табу деген мағынаны береді.
Жалпы, ойынға кірген әр қатысушы ( ойыншы) жеңу үшін барлығына дайын болады.
Мақсаттары тек пайда көріп кету.
Ал сол пайданы көремін деп, өзімен бірге қаншама зардаб алып келетінін ескермейді.
Себебі ойының бәрін азартты ойындармен улап тастаған. Құмар ойындарды адам қайдан біліп жатады?
Әрине, оған өзінің қоршаған ортасына қарай біліп жатады.
Айналасында сондай адамдар толып жатса қалайша ол білмей қалады?!
Меніңше құмар ойынның мақсаты жастарды тура жолдан тайдыру.
Жақсылыққа апармасы бәрімізге айдан анық.
Ата-анасы баласын үйден алыс шақарға оқуға жіберіп, үміт артып отырған баласы құмар ойындардан бас ала алмай жүргенін естісе…
Ана жүрегі ондайға шыдай алмас.
Нәпсінің де рөлі қатты ойнайды. Айналаңда бірең сара адамдар болуы мүмкін.
Алайда сен де олардың қатарында болуың міндетті емес қой.
Құмар ойындардың соңы неге алып келетінін білсең, иманың берік болса, ақыл-есің сау болса ондай жолға түседі деп ойламаймын.
Бұл тақырыпта көптеген арнайы іс-шаралар, алдын алу жолдары туралы жиналыстар, жиындар мектеп қабырғасынан бастап өткізіп жатады.
Құптауға тұрарлық, себебі баланың. санасына жастайынан құя берсек ондай әрекеттерге бармас.
Жәй ғана бір мәрте көремін деп, дүние мүлкін тәуекелге қойып ойнайтын білдей ер азаматтардың сүмірейіп жүргендерін көріп, қарным ашады!
Үйдің отағасы болып сондай әрекеттерді жасайтын болсаң, ертеңгі ұрпағыңнан ойға қонымды дүниелерді күтпе.”Әкеге қарап ұл өсер” — деген керемет сөзді осы орайда айтқым келіп отыр.
Ұтқан адам да шайтанның уәс-уәсіне еріп, ақшамды көбейткен үстіне көбейте түссем деп жанталасады.
Бірақ «Өгізге туған күннің бұзауға да туары» анық қой. Осы орайда Абай атамыздың:
«Өтірік, өсек, мақтаншақ,
еріншек бекер мал шашпақ» немесе
«Тамағы тоқтық, көйлегі көктік,
аздырар адам баласын» деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.
Құмар ойындар арқылы адам табыс табамын, жағдайымды реттеп аламын дейтін ойды миға қондырып алған.
Сол бір ойыннан жеңіске жететін тек бір адам болса, сол адамның орнында болсам екен деп біршама адам кесірін көріп жатады.
Тіпті, таныс тумаларына дейін зиянын тигізіп жатады.
Арадағы қарым-қатынастың үзілуіне бірден бір себеп.
Ауыр қылмыстарды да еріксіз жасайтын болады. Неге?! Себебі оларға жеңіс керек! Ұтыс керек!
Ал ұту үшін бәрін жасауға дайын тұрады.
Қазіргі таңда букмекерлік кеңселерде адам тола.
Төрт қабырғаның ішінде отырып, толағай табысқа кеңелемін дейтін жеңіл ойлайтын адамдар көп.
Ердің қадірін арзандатып жіберетіні де міне осы.
Құмар ойынның зардабы елдің алға қарай дамуына, ұлттың берік, мықты болуына, адамның ой санасына, ақыл-есіне кері әсерін тигізіп жатыр.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл”.
Азартты ойындардың тозағына түсіп қалмаудың әрекетін жасайық.
Ойымды қорытындылай келе құрметті аудан тұрғындары сіздерді ағымдағы жылдың 7 маусымы күні сағат: 16.00-де аудандық мәдениет үйінің көрермендер залында бүгінгі қоғамның дертіне айналған — «Құмар ойынның зардабы» тақырыбында аудан жастарының назарына қысқа метражды кино көрсетілімге шақырамыз.
Асылжан Шуақбайұлы, Сарысу аудандық жастар орталығының директоры