Бақыт дегеніміз не?
Бақыт дегеніміз – адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дəрежесін танытатын этикалық ұғым. Негізгі бақыт ата-ана, дос, бауырдың жаныңда болуы. Бір сөзбен айтқанда, бақыт арманыңның орындалғаны. Бұл мақаланы жазуға досымның əңгімесі себепкер болды.
Ол маған мұңая қарап тұрып: «жақында Арман (бөлесі) су жаңа көлік сатып алды. Бағасы да əжептəуір. Рахат! Күндіз-түні көлігімен анда-мында жүреді. Қандай бақыт десеңші» дейді. Мен осыдан кейін жастардың бақытты ақшамен өлшейтінін ұқтым. Тіпті ғаламтордан жап-жас жігіттің айфонға бүйрегін ауыстырамын деген жарнамасын оқыдым. Əп-сəтте жүрегім тоқтап қалғандай болды. Бұл не сұмдық?!
«Бақытқа не жатады деген сұраққа әркім өздігінше жауап береді. Өмірге қатысы барлардың бəрі соған жатады. Өйткені өмір мен бақыттың түпкі мəні бір. Бүкіл талпыныс (əрекет), ең болмағанда дені дұрыс ұмтылыстың бəрі бақытқа жету жолын көздейді. Адамның бүкіл дене мүшелері мен тіршілік құрылымдары – бақыттың да органдары. Адамға бір дене мүшесі өмір сүруге кедергі келтірсе, оны кесіп тастауға болады. Ал өз жүрегіңізді суырып таста, басыңды кесіп таста деген сөзді əзірше ешкімнің аузынан естігенім жоқ», – дейді И.Фейербар.
Бақыт ұғымы адамды алға сүйрейтін, жетілдіретін, ынталандыратын, өршілдікпе, ерлікке, өзіңді танытуға, басқаларға мойындатуға жетелейтін құндылық. Ал сіз бақытты қалай түсінесіз?
Жансая СӘБИТБЕК, aqmeshit-zhastary.kz