Жазасын өтеушілерге психологиялық көмектің тағы бір түрі көрсетілуде

МАК- бұл Метафоралық Ассоциативті Карталар. Олар адамның өмірінің әртүрлі аспектілерін зерттеу үшін қолданылатын фотолар, белгілер және метафолар жиынтығы. МАК түпсана арқылы жұмыс жасап, адамдарға өз ойларын жақсырақ түсінуге, сонымен қатар, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға көмек көрсететін құрал болып табылады.


Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің психологтары да осы МАК — н сотталған азаматтарға өздерін жақсы тануға, айқын және жасырын ресурстарды іздеуге, түпсана арқылы өздерін мазалайтын өмірлік жағдайлардың себептерін түсінуге және шешім табуға көмектесу мақсатында МАК техникаларын психологиялық кеңестер жүргізу кезеңдерінде, өзін — өзі бағалау, өзін — өзі дамыту жұмыстарын жасау барысында да үнемі қолданады.