Қазақстандық шаңғышы қыз ел қоржынына қола салды!
Алматыда өтіп жатқан студенттер арасындағы Қысқы Универсиаданың алғашқы медальдары сарапқа салынып, Қазақстан намысын қорғаған Анна Шевченко шаңғы жарысында қоланы қоржынға салды. Ол бес шақырымдық жеке жарыста қос бірдей ресейлік шаңғышы қыздар Лилия Васильева (14.08.6 көрсеткіші) және өзінің аттасы Анна Нечаевскаядан кейін үшінші болып финишке жетті.
Сондай-ақ, параллельді слалом сайысында тағы бір ресейлік Елена Якошина жеңімпаз атанса, фин қызы Неа Лууко күмістен алқа тақты. Ал, жапониялық Аса Андо өз құрамасының еншісіне қола медальді жеңіп алды. Өкінішке орай, бұл бағдарламада Қазақстан атынан шыққан Екатерина Карпова (28 орын) мен Мария Григоровалар (29 орын) ел үмітін ақтай алмады. Және де «Алматы Аренада» өткен керлингшілер кездесуінде отандастарымыз неміс қыздары 2:13 есебімен есе жіберіп алды. Енді олар бүгін сағат 19:00-де Ұлыбритания құрамасының қыздарына қарсы екінші кездесулерін өткізеді.
«ЕлАНа»