ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫСТАН ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орайТ ересектер арасында Кентау қаласында өткен Президенттік көпсайыстан Түлкібас ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанды.
Күннің ыстығына қарамастан спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метр жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде түлкібастықтар ұпай есебімен өңіріміздің барлық аудан, қалаларының құрамаларынан айқын басымдықпен озып, жеңімпаз болды. Екінші орынға кентаулықтар ие болса, үшінші орынға Мақтаарал командасы ие болды.
Жарыс нәтижесімен жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі