Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың жүлдесі үшін шахматтан өткен турнир өз мәресіне жетті

2024 жылдың 13 маусымы күні ауданда Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, даңқты кино және театр актері, жерлесіміз Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында шахматтан ашық турнир басталған болатын.
Бүгін аталған турнир өз мәресіне жетті. Турнирдің жабылу салтанаты өтті.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.