САЙРАМДЫҚ БАЛУАН ҚЫЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ
Жақында Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгі қыздар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Сайрам ауданынан қос қайсар қыз қатысты.
Сайрам ауданына қарасты Ынтымақ ауылының №24 М.Мақажанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зейнеп Эламас 69 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Жаттықтырушы-ұстазы Қанат Раймқұловтың еселі еңбегі ақталды.
Сонымен қатар бәсекеде Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы №18 Ә.Құрмантаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы және Түркістан облысы дене шынықтыру спорт басқармасына бағынысты №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Қадір Ақбота 73 келі салмақта қола медаль алды. Оның осы жеңісіне жаттықтырушысы Асқарбек Орынбасаровтың тынымсыз табандылығы ықпал етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі