Сессия

Бүгін сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.
Сессия барысында ауданның 2023 жылға бөлінген бюджетінің орындалуы талқыланып, бүгінде зейін қойып, назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер сараланды.
Сонымен қатар, депутаттық корпус тарапынан үстіміздегі жылы атқарылып жатқан бірқатар жобаларға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, оларға тиісті бөлім басшыларынан жауаптар алында.
Атап айтқанда, барлық маңыздағы көлік жолдарының сапасы және оларға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы, тозығы жеткен электр желілерін жаңарту сынды маңызды мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов сессия қатысушыларына депутаттық корпус жұмысының маңыздылығын жеткізіп, ауыл әкімдері округтерінде іске асырылып жатқан барлық жобалардың сапалы орындалуын тұрақты бақылауға алуы қажеттігін атап өтті.