Домбыра — қазақтың асыл қазынасы
Домбыра — қазақтың жаны, тарихы, көзі де, сөзі де, өзі де. Қазақ қуанса да, мұңайса да, ойласа да, тойласа да, айтысса да, тартысса да ғасырлар бойы елмен бірге өлмей жасап келе жатқан Домбыраға жүгініп, тарихын күй арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ Домбыраны тану арқылы өзін таниды, күйін тарту арқылы тарихын танып біледі.
Домбырасыз қазақ халқын елестету қиын. Өйткені егіз ұғым. Елдің тарихы мен мәдениетін ерекше үнімен жеткізеді. Кез келген музыка домбыраның үнімен әсем. Киесі де осында жатыр. Ал күй тарту өнері ата-бабадан қалған ең асыл мұра әрі аманат. Шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде атап өтіледі.
Халық қазынасын насихаттауға үлес қоса берейік.
Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!