ОБЛЫС ӘКІМІ САРЫСУ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ САРЫСУ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтың бастамасымен  Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында тазалық акциясы өтіп жатыр.

Шараның негізі мақсаты  Сарысу ауданында қатты жауын салдарынан су алған көшелер мен аулаларға тазалық жұмыстарын жүргізу. Арық-атыздарды тазалап, су бұзған жерлерді бекітіп, қалпына келтіру.

Тазалық акциясына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Тұрғындар мен акцияға қатысқан еріктілерге үндеу жасап,  осындай сәтте қолдау көрсетіп, көмек қолын созу азаматтық парыз екендігін айтты.  Өткізіліп отырған шараның маңыздылығына, төтенше жағдайдың салдарын жою, қайта қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығына тоқталды.

Бұдан кейін, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз сөйлеп, төтенше жағдай орын алғанда жағдайды бақылауға алып, бар мүмкіндікті жасап жатқан және тазалық акциясын өткізуге бастама көтеріп, Тараз қаласы мен көршілес аудандардан ерікті жастарды бастап келген облыс әкімі Ербол Шырақбайұлына, барлық ат салысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Еріктілердің тазалық акциясы басталған соң, облыс басшысы қатты зардап шеккен үйлер мен жеке секторларды және Қонаев орта мектебінің ғимаратын аралап, көріп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Өңір басшысына қазіргі таңда төтенше жағдайдың салдарын жою, қайта қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен аудан әкімі Сәкен Мамытов

таныстырды.

Айта кету керек,  тазалық акциясына Тараз қаласы мен көршілес аудандардан  170 ерікті жастар келіп қатысуда.

Сондай-ақ, 150 Жаңатас қаласының тұрғындары мен жастары жұмылдырылған.

Тазалық шараларына  12 техника ( 4 водовоз,  5  самосвал камаз,  2  погрузчик, 1 автогрейдер ) тартылған.